Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда халықаралық жаңа рейстер ашылады
Жаңалықтар

Қазақстанда халықаралық жаңа рейстер ашылады

05.04.2023
1 мин
0
619

Биыл Доха, Анкара, Медина, Баку және Душанбеге жаңа рейстер ашылып, Стамбұл, Тбилиси, Пхукет, Мале, Дели, Чэнду, Лондон, Ираклион және Подгорицаға рейстер артады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, елімізге саяхаттауды жоспарлап отырған шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуіне көп мүмкіндік пайда болады. Жаңа маршруттарды іске қосу бағытында шетелдік әріптестермен келіссөздер үнемі жүргізіліп келеді. Өткен жылы 7 елге 10 жаңа бағыт ашылған.

Аталмыш авиарейстерді қабылдауға Алматы мен Астана әуежайларынан бөлек, Шымкент, Ақтау және Түркістан әуе айлақтары жұмылдырылатын болады.

Сондай-ақ бірқатар шетелдік авиакомпаниялар да Қазақстанмен әуе қатынасын жолға қоюды жоспарлауда. Мысалы, малайзиялық Air Asia Х лоукостері Куала-Лумпурдан Алматыға, ал Thai Air Asia тай тасымалдаушысы Бангкоктан Алматыға ұшатын болады. Ирандық Qeshm Air компаниясы Алматы – Токио бағыты бойынша рейс ашуды жоспарлап отыр. Омандық SalamAir 1 шілдеден бастап Маскат – Алматы рейсін іске қосады.

Бұдан басқа, Air Astana отандық тасымалдаушысы Алматы мен Тель-Авив арасында аптасына екі тұрақты рейсті орындау туралы мәселені реттеуде.

Фото: el.kz.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
117
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл