Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жалақы қарызының көлемі 1 миллиардты құрады
Жаңалықтар

Қазақстанда жалақы қарызының көлемі 1 миллиардты құрады

06.11.2020
1 мин
3
1153

Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, жаңа жылға дейін тағы 18,5 мың жұмысшы жұмысынан айрылады. Бірақ бүгінгі жағдайды есепке алсақ, жұмысынан босатылатын адамдар саны әлі де көбеюі мүмкін.

Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда жалақы қарызының көлемі 1 миллиардты құрады. Ол – саны 3,4 мыңға жететін жұмысшылардың жалақылары.

Қарыз көлемі ең көп қала Алматы болып белгіленді. Қаланың жалпы қарыз көлемі 125,8 миллион теңгеге жетті. Ал кейінгі орындарды қарыз көлемі 118,6 миллион теңгені құраған Алматы облысы, қарызы 109,3 миллион теңгеге жеткен Батыс Қазақстан облысы және 105,9 миллион теңге қарызы бар Шығыс Қазақстан облысы алып отыр.

Осы мәселеге талдау жүргізу барысында 50 кәсіпорын жұмысын тоқтатқаны анықталды. Олардың қарызы – 536,3 миллион теңге. 50 кәсіпорынның 42-сі банкрот болған. Ал 16 кәсіпорынның жұмысшылар алдында 115,4 миллион теңге қарызы болса да, қарыздан құтылуға мүлкі жоқ. Бұдан бөлек, 34 кәсіпорынның істері сотта қаралып жатыр, жұмысшыларына 455,62 миллион теңге қарыз.

Андрей Лукин бұл істе ондай кәсіпорындарды алдын ала анықтап, жұмыс орындарын сақтауға арналған жаңа меморандум қажет екенін және жұмыссыз қалғандарға «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жылдам жұмыс табуына жағдай жасалу керегін айтты. Сондай-ақ премьер-министрдің атына аталған мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдады.          

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Н
Нуралы 06.11.2020
Жангабыл
Жауап беру
Н
Нуралы 06.11.2020
Жангабыл
Жауап беру
Г
Гауһар 06.11.2020
Ия, менің кұйеуім, 2020 қантар, ақпан, наурыз айларындағы жалақысын әлі алған жоқ, мекеме меншік, шарты бар, бірақ сылтауы ақша түскен жоқ дейді, сонда мекемені салық қалай тексермейді, пенсионка жоқ, 42500 аламай сандалды, әлеум. Төлемдер жоқ, одан карантин депрахаттанып, жұмысшының аузын ұрып келеді, жақсы болды, карантині, онсыз бергісі келмеген басшыға, өзі топырақ жеп отырмаған шығарн
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл