Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін елордада Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндерімен ұштастқан "Бақыт құшағында" ең алғашқы мюзикл-фильмнің түсірілімі басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Бақыт құшағында" — Қазақстандағы алғашқы JukeBox-мюзиклі. Фильмде Шәмші Қалдаяқовтың кең таралған шығармалары шырқалады, олардың қатарында: "Бақыт құшағында", "Дүнген қызы", "Кешікпей келем деп ең", "Қуаныш вальсі", "Шынарым" және тағы басқалар.
Жоба қазақ киносының дамуына маңызды үлес қосып, ұлттық музыкалық мұраны насихаттауға және мюзикл жанрында жаңа бағыттарға жол ашуды көздейді. JukeBox форматы арқылы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын жас буынға жақындату және қазақ мәдениетіне халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Ботагөз Қалдаяқова, Шәмші қалдаяқовтың келіні және фильмнің музыкалық продюсері:
- Фильмнің идеясын естігенде қатты қуандық. Ән арқылы бірнеше ұрпақтар сабақтастығын біріктіре алсақ, мақсатымызға жеткеніміз. Біз өз тарапымыздан әр әнді сапалы өңдеумен беруге күш саламыз.
- Бұл жоба — біз үшін жай ғана кино емес. Бұл — Шәмші Қалдаяқовтың мұрасын қайта ой елегінен өткізіп, оның музыкасына заманауи кино тілі арқылы жаңа өмір беру мүмкіндігі. Біз әрбір қазақстандыққа жақын, өзекті — махаббат, арман және таңдау туралы оқиғаны жеткіземіз. "Бақыт құшағында" — қазақ музыкасына, мәдениетімізге және адамзатқа деген махаббаттың көрінісі. Бұл жобаның еліміз үшін де, халықаралық деңгейде де маңызды мәдени оқиға болуға әлеуеті бар деп сенемін, —дейді фильмнің режиссері, әрі продюсері Санат Шапашов.
Фильм түсірілімі 2025 жылғы 2 мамыр мен 9 маусым аралығында Астана қаласында өтеді.
Фильмнің премьерасы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған. Қазақстан кинотеатрларында көрсетілетін болады.