Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биылғы ақпан айында ел тұрғындары барлық салмағы 59,2 келіні құрайтын 2 309 құйма сатып алды.
Қазақстандықтар алтын құймаларды екінші деңгейлі Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, Банк ЦентрКредит банктерінен және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен алады.
Бүгінде алтын құймалар сенуге болатын инвестиция көзіне айналып отыр. Олардың ақшасын аталған орындарға төлеп, құймаларға сол күні-ақ қол жеткізуге болатыны алтын нарығының өтімділігін қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылдан қолға алынғанын айта кету керек. Сол кезден бері барлығы 1,74 тонна салмақты құрайтын 47 302 алтын құйма сатылды.
Елімізде алтын құймалардың салмағына байланысты 5 түрі бар. Олар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық. Олардың ішінде ең көп сатылатыны – 10 грамдық алтын құйма.
Өлшенген құймалар Қазақстан бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.