| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай қаласында кәріз жүйесінің жарылуы салдарынан саяжай аумағын су басты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апат «Энергетик» бағбандық қоғамы маңында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, құбырдың жарылуына тозу себеп болған.
Апат салдарынан шамамен 10 саяжай аумағын су басқан.
— Абырой болғанда, су тұрғын үйлерге кірмеген. Қазіргі таңда судың деңгейін төмендету және құбырды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Мамандар апатты жою толық аяқталғанға дейін тұрғындарға абай болуды ескертті.