Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«China Southern Airlines әуекомпаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сұраныс артса, әуекомпания Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын»,—делінген хабарламада.
Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген еді.