Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытайға бағытталған бидай экспорты артуы мүмкін
Жаңалықтар

Қытайға бағытталған бидай экспорты артуы мүмкін

22.09.2020
1 мин
1
905

Биыл Қазақстанда орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрағанда, барлығы 18 миллион тонна астық жиналады деген жоспар бар.

Сондықтан да Қытайға тасымалданатын бидай көлемі артуы мүмкін. Оны Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров хабарлады.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұн дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жөнелтіледі. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) экспорты артуы мүмкін», – деді ол өз сөзінде.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебі бойынша астық өндірісі бірқатар елдерде артып, биыл әлем бойынша рекордтық деңгей 2,2 триллион тонна болады деп күтілуде. Өйткені былтыр 2,1 триллион тоннаны құраған. Ал астық өндірісі артқан елдерге Ресей, Канада және Австралияны жатқызамыз.

Айта кету керек, елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде республика бойынша егін жинаудың 93 проценті аяқталды.       

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Балжан 22.09.2020
Елімізден шығатын өнім қымбаттауда. Халық барлық қымбатшылыққа куә. Оданда сол экспортты көбейтпей, елдегі бағаны бірқалыпты ұстап тұрса дұрыс болар еді. 5000 нан алатын ұн казир 11000 болды карантин басталғалы осылай көтерілуде.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл