Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
5 маусымға қараған түні Қызылорда қаласындағы Момышұлы көшесінде орналасқан мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, қашып кетті, деп хабарлайды dauletten.kz.
Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.
Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жауап берді полиция.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.