Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ желісімен жүргізілген «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталмыш бағдарлама 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында жүргізілді. Шарт бойынша бағдарламаға кез келген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, Астана қаласының Полиция департаменті және оның бағынысты, сондай-ақ елорданың Төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты салаларында қызмет ететін азаматтар қатысуға мүмкіндік алды.
zhilfond.kz сайтында көрсетілген тізім төмендегідей:
1) «Өткендер» — бағдарлама бойынша өткен өтініш берушілер;
2) «Өтпегендер» — қандай да бір себептермен қатысуға бас тартылған (мүліктің болуы, жұмыс орнынан анықтама қоса берілмеген немесе жұмыс орны бойынша сәйкес келмеген және т. б.) немесе тұрғын үй кезегіне қойылған күні бойынша өтпегендер;
3) «Резерв» — егер негізгі өткендердің арасында төлем қабілеттілігін растай алмайтындар болған жағдайда, «ҚТК» АҚ шақыруы мүмкін азаматтар.
Әрбір қатысушыға өтінім берген кезде көрсеткен электрондық поштасына өтінімнің мәртебесі жіберіледі, егер бұл бас тарту болса, онда бас тартудың себебі көрсетіледі.
Өткен қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін Қазақстандық тұрғын үй компаниясына шақырылады.
Фото: zakon.kz
Тағы көру