Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Рудныйдағы шахтада жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды dauletten.kz.
Қайғылы оқиға Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне тиесілі «Соколовская» шахтасында болды.
«Тау массасының қабыршақтанған бөлігі өтіп бара жатқан жұмысшыға құлады. Ол жарақат алып, қайтыс болды. Бұл шахтадағы жарылыс жұмыстарынан кейін болды. «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады. Отбасына қажетті көмек көрсетіледі», - деп жазды бірлестіктің баспасөз қызметі.
Алда тергеу амалдары жүргізіледі.