Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңді
Спорт

Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңді

08.12.2024
мин
1
338

Қазақстандық Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ирландиялық файтер бұл күнге дейін жеңіліс дегенді білмеген еді. Ол өткізген 15 жекпе-жектің барлығында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шыққан.
Бүгінгі бес раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен аяқталып, жеңіс Шавкат Рахмоновтың еншісіне бұйырды.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Иэн Гэрри алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Айта кету керек, бұл Шавкаттың төрешілер шешімімен жеңіске жеткен алғашқы кездесуі.

Бұған дейінгі жекпе-жектерінде ол жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтап келген.
Ендігі кезекте Шавкат Рахмоновтың орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) жекпе-жек өткізуі мүмкін. Алғашында бұл кездесу бүгінгі турнирге жоспарланған еді, алайда америкалықтың денсаулығына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жоламан 08.12.2024
Біз мақтан тұтамыз мықты азаматтарымыз бен жеңіс құтты болсын Шавкат таза еңбектің жеңісі
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл