Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жұбайы отырған көлік жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, ал оқиғаның болғанын облыстық полиция растады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 27 шілде күні таңғы сағат 08:50-де республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған.
Toyota Land Cruiser 200 маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетіне аударылған. Алдын ала ақпарат бойынша, көлік тізгінінде Гүлайым Рахмонова, яғни Шавкат Рахмоновтың жұбайы отырған.
Көлікте болғандар:
• Гүлайым Рахмонова (жүргізуші)
• Оның 2022 жылы туған ұлы
• Екі құрбысы – 39 жастағы З.А. және 35 жастағы А.С.
Рахмонова мен оның ұлы Шу қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Ресми органдар әзірге зардап шеккендер мен көз жұмғандардың аты-жөнін нақтылаған жоқ, алайда әлеуметтік желіде тараған мәліметтер бойынша апатқа ұшыраған көлікте Шавкат Рахмоновтың отбасы болғаны айтылады.