Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда бомба туралы жалған ақпарат берген ер адам сотталды.
16 тамызда Талдықорған полициясының Жедел басқару орталығына облыстық Полиция департаменті әкімшілік ғимаратының біріне салынған жарылғыш құрылғы туралы анонимді қоңырау түсті. Қоңырау жалған болып шықты.
Саперлер қызметтік-іздестіру иттерімен іздестіріп, ғимарат ішінен ешқандай жарылғыш құрылғы таппады. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер сол күні 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан анонимнің жеке басын анықтай алды. Мас күйінде қоңырау шалған ер адам ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Іс жүзінде ҚР ҚК-нің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) көзделген тергеу амалдары басталды.
Нәтижесінде Талдықорған қалалық сотының үкімімен күдікті тұлға кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлеу жұмыстарына сотталды.
Polisia.kz