Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Талдықорғанда Qnet компаниясының өкілі бірнеше жылға сотталды
Жаңалықтар

Талдықорғанда Qnet компаниясының өкілі бірнеше жылға сотталды

15.07.2023
1 мин
0
707
egemen.kz

Талдықорғанда қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына сот үкімі шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы).

Сотпен анықталғандай, Т. 2018 жылдың жазында Qnet халықаралық компаниясының сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкіл куәлігін алған.

Сотталушы 2019 жылдың қазан айында Талдықорған қаласында Qnet компаниясына жаңа қатысушылардың 690 000 теңгеден 860 000 теңгеге дейін жарна салуы керек болатын қаржылық пирамидаға азаматтарды заңсыз түрде тартқан.

Бұл ретте Т. Qnet серіктестігінің әрбір мүшесіне апта сайын 200 АҚШ доллары көлемінде төлем жасап тұруға уәде берген.

«Қылмыстық схема бойынша әрекет ете отырып, әрбір қатысушы жаңа қатысушыларды тартуы қажет болды, яғни дивиденттер қаржы пирамидасына жаңадан енген қатысушылардан жасалуы керек еді.

Т.-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 76 азамат қаржы пирамидасына тіркеліп, жәбірленушілерге 61 миллион теңгеден астам шығын келтірілген»,- делінген Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Прокурор 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Іс бойынша жәбірленушілер келтірілген шығынның өтелмегендігін ескеріп, қатаң жаза қолдануды сұрады.

Ал, сотталушы Т. кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады.

Т.-ның жасаған қылмысы заң бойынша 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сотталушының кінәсі жәберленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа да зерттелген материалдарымен дәлелденді.

Асырауында кәмелетке толмаған екі баланың болуын, алғаш рет қылмыс жасауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот Т.-ны кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл