Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорған қаласындағы Шығыс шағын ауданында жастар арасындағы жанжал қайғылы аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
25 маусым күні №32 үйдің маңында бірнеше жас жігіттің төбелесі пышақ қолдануға ұласып, салдарынан бір адам мерт болды.
Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде 2003 жылы туған азамат ұсталды. Оқиға орнында көз жұмған жігіттің кім екені анықталып жатыр. Әлеуметтік желілерде жанжал сәті түсірілген видео тарап кеткен.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қалалық полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын хабарлады.