Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тамызда Алматы – УФА жаңа бағыты ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Ресейлік Red Wings әуекомпаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – УФА бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні, сондай-ақ ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан - УФА бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
"Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында қолжетімді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған дейін ресейлік "Азимут" әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Уфа қаласына жолаушылар тасымалымен айналысатыны айтылған еді.