Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Министр Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, Ақтөбе облысында жүзеге асырылған "Тірек мектебі – шағын жинақты мектеп" моделі тиімділігін көрсетті. Жоба нәтижесі 2023 жылмен салыстырғанда шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасы орта есеппен 7 пайызға артқанын көрсетті. Облыста цифрлық білім беру экожүйесі қалыптасып, сапалы интернетке қол жеткізу мәселелері шешілді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оны еліміздің барлық өңірінде кеңейтуді ұсынып отыр.
- Жоба аясында Ақтөбе облысында жүргізілген кешенді жұмыстар шағын жинақты мектептердегі білім сапасының артуына ықпал етті. Оқу-ағарту министрлігі ұлттық үйлестіруші ретінде ауыл мектептерінің даму стратегиясын әзірледі. Енді әкімдіктер стратегия негізінде жобаны масштабтау жұмыстарын кезең кезеңімен іске асыруды қамтамасыз етуі қажет, - деп атап өтті министр.
Айта кету керек, биылғы жылы жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп тартылуда. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаға 17 өңірдің 192 тірек және 759 шағын жинақты мектебі қатысады. Ал үшінші кезеңде осы жобаға қалған шағын жинақты мектептердің барлығы толығымен қамтылуы тиіс.