464.73
546.57
6.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Тоқаев Каспий теңізіне қатысты ортақ жаһандық күш жұмылдыруды ұсынды
Жаңалықтар

Тоқаев Каспий теңізіне қатысты ортақ жаһандық күш жұмылдыруды ұсынды

22.04.2026
мин
0
117
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің экологиялық жағдайына байланысты шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтіп, халықаралық тараптарды ортақ күш біріктіруге шақырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттің айтуынша, Каспий теңізінің тартылуы өңір елдері үшін ортақ экологиялық қауіптердің біріне айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан теңізді сақтау мақсатында мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу бастамасын көтерді.

Сонымен қатар Каспий өңірінде ғылыми зерттеулерді үйлестіру және экологиялық мониторингті күшейту үшін арнайы ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылды. Бұл мекеме аймақ елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етпек.

Мемлекет басшысы Каспийді сақтау тек бір елдің емес, барлық мүдделі тараптардың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Ол халықаралық қауымдастықты табиғи ресурсты қорғау бағытында нақты іс-қимылға көшуге шақырды.

Бұдан бөлек, Президент Каспий маңында кез келген әскери күш қолдану әрекеттеріне жол бермеу қажеттігін айтып, өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау маңызды екенін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл