Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әкімдіктермен бірлесіп Су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелер тізбесін түзету және нақтылау жүргізілді, нәтижесінде олардың саны 24-ке ұлғайып, 1 072 (бұрын 1 048 болған) құрады, деп хабарлайды Dauletten.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл осы елді мекендерде алдын алу іс-шараларын алдын ала жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық бағдарламалық құжаттар шеңберінде орындалған іс-шаралар қауіп-қатерді 214 елді мекеннен алып тастауға және 607 елді мекен үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік берді.
Сырым Шәріпханов қазіргі уақытта өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жоспарлы құжаттардың орындалуына жүргізілген талдауды ескере отырып, бүгінгі күні су басу қаупі мына өңірлерде сақталады:
ТЖ министрі бірқатар ұсыныстарды, соның ішінде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру үшін барлық қажетті ресурстарды тартуды, гидротехникалық құрылыстарды уақтылы жөндеуді қамтамасыз етуді, су өткізу құрылыстарын су тасқыны мен еріген қар суының үлкены көлемін өткізуге дайындауды және т.б. қолдауды ұсынды.