Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық тестілеу орталығы грантк конкурсына қатысуға қажет құжаттардың тізімін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатыса алатынын растайтын құжаттар;
- B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.
Құжаттарды 3 тәсілмен қабылдайды:
- Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы. Бұл ретте тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.
- Онлайн. Шалғай аймақта тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды.
- Онлайн. Egov.kz арқылы.
Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Еске сала кетейік, ертең, яғни 13 шілдеден бастап грантқа құжат қабылдау басталады.