Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлытау облысының әкімі лауазымына Дастан Адайұлы Рыспеков тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2022 жылы құрылған облысқа Берік Әбдіғалиұлы екі жыл төрт ай қызмет еткен. Оның орнына Мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Рыспеков басшы болып тағайындалды.
Ол 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика департаменті кірістерді болжау бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейіннен Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды.