Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту
Жаңалықтар

Волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту

30.09.2024
1 мин
0
308
Сурет: mgpu.ru

"Жайық жалындары" волонтерлік клубының мүшелеріне арналған "Birgemiz: is-qimyl kezeni" оқыту бағдарламасы өткізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл бағдарлама волонтерлік қызметті жүйелі түрде дамытып, жаңа дағдыларды меңгеруге, төтенше жағдайларда белсенді әрекет етуге және қоғамға пайдалы істер атқаруға мүмкіндік береді. Клуб мүшелерінің осындай оқыту бағдарламасынан өтуі маңызды екені сөзсіз.

Бағдарламаның басты мақсаты – волонтерларға қажетті білім мен дағдыларды беру арқылы олардың төтенше жағдайларда тиімді әрекет ету қабілетін арттыру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша базалық білімді қамтамасыз ету және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Оқыту бағдарламасының негізгі компоненттері:

1. "Төтенше жағдайларды жоюға волонтерлердің белсенді қатысуы" семинар-тренингі: Бұл тренинг барысында волонтерлар төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің негізгі принциптерін үйренеді. Қауіп-қатерлерді бағалау, шұғыл шешімдер қабылдау, үйлестіру және басқару сияқты маңызды дағдыларды меңгереді. Тренинг нақты сценарийлерді талқылау және симуляциялық жаттығулар арқылы өткізіледі.

2. "Алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаттары" шеберлік сыныбы: Бұл шеберлік сыныбы волонтерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті негізгі дағдыларды үйретеді. Оқыту барысында қатысушылар жарақаттарды таңу, жүрек-өкпе реанимациясы, жасанды тыныс беру және басқа да шұғыл медициналық көмектің әдістерін үйренеді. Бұл дағдылар төтенше жағдайларда адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады.

3. "EcoStar" тимбилдингі: Экологиялық жауапкершілік пен командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған тимбилдинг қатысушыларды экологиялық жобаларға қатысуға ынталандырады. Тимбилдинг барысында экологиялық акциялар, табиғатты қорғау шаралары және ұжымдық ойындар ұйымдастырылады. Бұл шаралар волонтерлардың экологиялық санасын арттырып, табиғатты қорғауға үлес қосуға мүмкіндік береді.

"Birgemiz: is-qimyl kezeni" оқыту бағдарламасы волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау бағытында маңызды қадам. Болашақта осындай бағдарламалар арқылы волонтерлік қызметтің ауқымын кеңейтіп, қоғамымызға пайдалы істерді көбейту көзделеді.

Айта кетейік, жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының "Волонтерлар мен волонтерлік бірлестіктерді қолдауға бағытталған "Birgemiz: is-qimyl kezeni" жобасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл