Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігі, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен сарапшылар құжатты пысықтауды жалғастыруда. Су кодексінің жобасына сәйкес, елді мекендер мен нысандарды қорғау үшін жергілікті атқарушы органдар бөгеттер, мобильді қоршаулар, айналма арналар мен уақытша су қоймаларын салу жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар су тасқыны мен еріген судан қорғау үшін орман екпелерін отырғызуды жүзеге асыруы тиіс. Өз кезегінде, бассейндік жоспарлар еліміздегі 8 су шаруашылығы бассейнінің әрқайсысына қажетті іс-шараларды анықтайды.
Сондай-ақ жаңа Су кодексінің жобасы құрғақшылыққа қарсы іс-шараларды, соның ішінде жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығының деңгейін бақылауды, құрғақшылық кезеңі үшін тасқын суды жинау мен сақтау, су үнемдейтін технологияларды енгізуді және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығын бейімдеуді көздейді.
- Құжат мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі өкілеттіктерін нақты айқындайды. Енгізілген түзетулер су секторының климаттың өзгеруіне бейімделуіне, судың зиянды әсерінің қаупін азайтуға және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды6 - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.