| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның төрт қаласында терроризмді онлайн насихаттағандар ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында арнайы қызметтер экстремистік діни ағым өкілдері ретінде танылған алты адамды құрықтады.
Тергеу мәліметінше, олар әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық пен террорлық әрекеттерді ақтайтын және соған шақыратын материалдарды жариялап келген.
Сонымен бірге, 3 қарашада Ақтөбе облысының бір тұрғыны интернет арқылы терроризмге шақырғаны үшін сот үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
ҰҚК дерегінше, 2025 жылдың басынан бері экстремизм және терроризм бойынша жүргізілген істер нәтижесінде 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.