Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда жеке сот орындаушысының алимент төлемдеріне арналған ақшаны заңсыз иемдену фактілері анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдымен ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар негізінде борышкерлердің жалақысынан ақша ұстап қалу қаулысын шығарып, жұмыс берушілерге жіберген. Алайда жұмыс берушілерден қаражат түскен соң соманың көп бөлігін өзіне қалдырып, тек аз бөлігін ғана алимент алушыларға аударып отырған.
Мысалы, 2025 жылдың сәуірінен маусымына дейін жұмыс берушіден 570 мың теңгеден астам қаржы түскен. Оның ішінде сот орындаушысы небәрі 170 мың теңгені ғана балаларға аударып, қалғанын жымқырған.
Тексеру барысында осындай бірнеше жағдай тіркеліп, келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 251-бабы ("Өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.