Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жұмыртқа бағасы 33 %-ке қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында қазақстандық фермерлер 613,4 млн жұмыртқа алды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17,9%-ке аз.
2021 жылдың ақпан айында бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы жылдық динамикада бірден 32,9%-ке және бір айда 3,6%-ке өсті. Елдегі базарлар мен дүкендерде олардың құны 411 теңгеге жетті. Ең қымбат жұмыртқа Алматы қаласында он данасы үшін 474 теңге болса, төмен баға Петропавл қаласында жұмыртқаның он данасы 340 теңге тұрады.
Экспорттың үлесі 4 %-ті құрады. Қазақстан экспортқа тек 210,8 миллион жұмыртқа жіберді. Бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда бірден екі есе аз. Ішкі нарықта 5 миллиард жұмыртқа сатылған. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,7 %-ке аз.
Тағы көру