Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидромет" дерегінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде салқын әрі жауынды күн күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ пен қатты жел болуы ықтимал, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еліміздің тоғыз өңірінде өрт қауіптілігінің ең жоғары – 5-сыныбы жарияланды.
Батыс Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз өтсе, оңтүстік өңірлерде күн ашық әрі құрғақ болады. Республиканың көптеген аймақтарында жел күшейеді.
Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түсуі мүмкін. Ал оңтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр.
Ауа температурасы:
• Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С.
• Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, кей жерлерде -2°С дейін үсік, күндіз +8…+20°С.
• Солтүстікте түнде +1…+7°С, кей жерлерде -2°С дейін үсік, күндіз +8…+16°С.
• Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С.
• Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С.
• Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +23…+35°С.
• Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аймақтарда +0…+5°С, күндіз +24…+32°С.