Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жасөспірім анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада беті тұмшаланған 15 жастағы жасөспірімнің көпқабатты үйдің шатырында кірпіш қойып жүрген сәті түсірілген.
Полиция мәліметінше, жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол мектепішілік есепке қойылды. Сонымен қатар оның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.
Оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары алаңдаушылық білдіріп, мұндай әрекеттердің қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.