Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
16 жастағы қандасымыз Қытайдың әйелдер футбол командасының жаттығушылар тізіміне таңдалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қытай футбол қауымдастығы футболдан жастар арасындағы ұлттық чемпионатына (U-17) дайындық жұмыстарын бастап кетті. Соған орай жақында Қытай футбол қауымдастығы 17 жасқа дейінгі мемлекеттік әйелдер футбол командасының 2024 жылғы алғашқы жаттығушылар тізімін жариялады.
Аталған тізімге Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданынан келген 16 жастағы Махпер Жанарқызы таңдалған.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Махпер бүкіл Шыңжаң бойынша жаттығу толымдылығына ие болған жалғыз спортшы.