Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта қатты жаңбыр жаууы мүмкін, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыста түнде және таңғы уақытта тұман түседі.
Астанада күн бұлтты. Ауа температурасы +22+24°С, желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы +28+30°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-ге жетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +30+32°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.