Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі
Спорт

Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

10.11.2024
1 мин
0
211
Сурет: tylek.kz

Dauletten.kz сайты спорт жанкүйерлеріне 11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынады.

9-12 қараша аралығында Анкара қаласында асық атудан ересектер арасындағы командалық әлем кубогі өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады.

9-13 қарашада Өскеменде допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі өтеді. Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды.

9-16 қараша аралығында Түркияның Анкара қаласында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты болады. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады.

10-16 қарашада Алматыда пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтеді. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді.

10-17 қараша аралығында барлық жас санаты бойынша белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді. Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады. Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы.

 13-17 қараша аралығында БАӘ, Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі өтеді. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды.

Барлық спортшыға сәттілік тілейміз! Көк туымыз көкте желбірей берсін!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл