Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола облысында полицейлер алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Із-түссіз жоғалған 40 жастағы Астана тұрғыны Қорғалжың ауданы Шалқар ауылында болған.
2018 жылы жазда оның әпкесі Астана полициясына жүгінген. Ол ағасының үйден шығып кеткенін және оралмағанын айтқан. Ер адамды облыстағы полицейлер де іздестірген.
«Оған мемлекетаралық іздеу де жарияланды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Ер адам бірнеше ай бұрын келген жеке үйлердің бірінен табылған. Қазір оның ұзақ уақыт бойы неліктен хабарсыз кеткені анықталып жатыр.