Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жұмысты дамыту мәселелері бойынша республикалық қоғамдық тыңдалым өтті
Жаңалықтар

Әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жұмысты дамыту мәселелері бойынша республикалық қоғамдық тыңдалым өтті

07.11.2022
2 мин
0
2189

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы аясында әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жұмысты дамыту мәселелері бойынша республикалық қоғамдық тыңдалым өтті.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді» деген болатын.

Қоғамдық тыңдалымға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Тастемір Ақұлан, С-300 зениттік-зымырандық дивизия командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Жағалбаев Азамат Сандыбаевич, Әуе қорғанысы күштері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Джүнісбеков Болат Жамбылұлы, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мендыгалиев Мейірбек Оразұлы, Алматы мәслихатының депутаттары Рамазан Бекбол Батыржанұлы, Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің Президенті Әубәкір Арман Серікұлы, «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ төрағасы, полковник Алданов Ерлан Жарылкасинович және республиканың әр өңірінен жиналған 60 жас қатысты. Шара барысында қонақтар сөз сөйлеп, жастар көкейінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдық тыңдалымның нәтижесінде айтылған ұсыныстар жинақталып, қарар негізінде құзырлы органдарға жолданатын болады.

«Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Жоба аясында пікірталас алаңдары, марафондар мен челледждер, онлайн шеберлік сабақтар, әскери-патриоттық керуен және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып, арнайы YouTube канал ашылып бейнероликтер түсірілді. 4-5 қараша күндері республикалық әскери-патриоттық IQ BATTLE ойыны өтеді. Жобаның қорытындысы ретінде арнайы журнал шығаратын боламыз –  дейді шара ұйымдастырушылары.

Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы игі мақсат жолында жұмыс атқару ел болашығының маңызды кілті болып қала бермек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл