Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл елімізде 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІМ кешенді шаралар қабылдауда. Осы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады.
- Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады, - деді Қайсар Сұлтанбаев