Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазгидромет» РМК-нің болжауынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, еліміздің оңтүстік-шығысында және шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр және жылбысқы қар) жауады. Тек республикамыздың оңтүстігінде, жоғары атмосфералық қысым ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде 37°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.