Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үш күннің ішінде елде 4 есірткі зертханасы жойылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның мәліметінше, үш күнде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі болған. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 келі "синтетика" және 11 келі марихуана тәркіленді.
Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.