Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада такси жүргізушілерін алдаған алаяқ ұсталды
Жаңалықтар

Елордада такси жүргізушілерін алдаған алаяқ ұсталды

08.06.2023
1 мин
0
523

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері курьер такси жүргізушілерін алдаған кезекті алаяқты анықтады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жедел уәкілдер алаяқтыққа қатысы бар 26 жастағы астаналықтың ізіне түсті. Қазіргі уақытта полицияға такси жүргізушілерінен 3 арыз келіп түскен. Негізінен InDrive қосымшасының пайдаланушыларын алдаған.

Жүргізушілер, олардың 13 мың теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденіп кеткен клиентке алданғанын хабарлаған. Барлық жәбірленушілерді ұқсас схема бойынша алдаған. Мобильді қосымша арқылы “тұтынушы” құжаттарды немесе пакетті мекенжайға жеткізу үшін такси шақырған. Ер адам жүргізушіден қолма-қол ақша алып, тауарды мекенжайға жеткізген кезде, күтіп алушы онымен есептеседі деп уәде берген.

Такси жүргізушілері келісіп, біраз уақыттан кейін көрсетілген мекенжайға жеткенде, күтіп алушыларды таппай, “тұтынушыға” қоңырау шалған.

Алайда ол кезде күдіктінің телефоны өшірулі болған. Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Полиция алаяқтың әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге кеңес береді.

Фото: ғаламтордан

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл