Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Карантин талаптарын бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар

Карантин талаптарын бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынды

19.08.2020
1 мин
0
1019

Алматы қаласында карантин талаптарын бұзған мекеме иелеріне 39 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

"Қала бойынша арнайы мониторингтік топ құрылған. Жұмыс барысында осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 126-сы заңды тұлғалар. Көп азаматтар карантин режимін ұстанбайды. Той тойлайды, клубтарға барады, кальян тартады", – дейді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, ол рейд кезінде бірқатар заңсыз жұмыс істеген нысанның анықталғанын атап өтті.

"5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж салоны және 7 караоке клуб анықталып, олардың иелеріне қатысты әкімшілік кодекс бойынша 236 айлық есептік көрсеткіш ретінде 39 млн теңге айыппұл салынды", – деді ол.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл