Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында жүкті әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адам 15 жылға сотталды
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жүкті әйеліне пышақпен шабуыл жасаған ер адам 15 жылға сотталды

22.10.2024
1 мин
0
58
Сурет: depositphotos

Маңғыстау облысында сот ер адамды әйелін өлтіруге оқталғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Тергеу органы айыпталушы К.-ны ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 4-тармағы, 24-бабы 3-бөлімі бойынша, яғни жүкті әйелді өлтіруге оқталғаны үшін айыптады. Сот анықтағандай, 2024 жылдың 13 шілдесінде шамамен 21:30-да, Маңғыстау ауылының Мұнайлы ауданындағы сауда орталығының алдында айыпталушы К. мас күйінде жанжал барысында жұбайы А.-ның жүкті екенін біле тұра, оны өлтіру мақсатында ас үй пышағымен оның арқа, сан, кеуде тұсына соққылар жасап, басынан теуіп, ауыр дене жарақаттарын салған, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сауда орталығында болған полиция қызметкерлері мен куәгерлер айыпталушы К.-ның қылмыстық әрекеттерін тоқтатып үлгергендіктен, ол өз ниетін жүзеге асыра алмады.

- Прокурор айыпталушыны кінәлі деп танып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші А. сотта айыпталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді. Айыпталушының кінәсі оның мойындаған айғақтарымен, жәбірленуші мен куәгерлердің көрсетулерімен, сот-медициналық сараптаманың қорытындыларымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді. Сот айыпталушы К.-ға жаза тағайындау кезінде оның шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар ретінде, ал қылмысты мас күйінде жасағанын ауырлататын жағдай ретінде ескерді. 2024 жылдың 2 қазанында сот К.-ны ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 4-тармағы, 24-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп мәлімдеді ведомство.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл