Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚМА биыл 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР ҚМА-ның ресми өкілі Әлібек Әбділовтің сөзінше, тергелген қылмысқа байланысты 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді. Мәселен, Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-на дейін пайдасын уәде етті. Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды. Осы жылы қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды. WhatsApp, Telegram және Instagram-да 292 чат бұғатталған. Осылайша, 2 млн астам әлеуетті салымшылардың қаржылық шығындарының алдын алды.
Агенттіктің мәліметінше, жоғарыда аталған арнайы жоба іске қосылған сәттен бастап Qnet, World Business Consulting, Finiko, Antares/Antares Trade, Sincere Systems Group/S-Group, Hermes LTD, Life is good, Chia Tai Tianding/Chia Tai Pharmaceutical, Energy Eolus Oazqstan/Eolus сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.