Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Олимпиадалық емес спорт түрлеріндегі жалақы мәселесі
Жаңалықтар

Олимпиадалық емес спорт түрлеріндегі жалақы мәселесі

04.10.2024
1 мин
0
82
Сурет: Jibek joly

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов "Уәде" бағдарламасына берген сұқбатында олимпиадаларда жасалатын қателіктерді атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ербол Мырзабосынов сұқбат барысында жаттықтырушылардың не себепті олимпиадалық емес спорт түрлерін таңдайтынын да түсіндірді.

- Жергілікті менеджерлер басым спорт түрлерінде дұрыс индикатор қоймаған. Олимпиада ма, Азия ойындары ма, олимпиадалық емес спорт түрлері ме, ұлттық спорт түрлері ме деген форматты назарға алмаған. Мысалы, олимпиадалық емес спорт түрлері жаттықтырушыларының жалақысы олимпиадалық спорт түрлерінің жаттықтырушыларының жалақысымен бірдей болып кеткен, - деді министр.

Сол себепті бүгін олимпиадалық спорт түрінен жаттықтырушылар арасында бәсекелестік төмен екенін атап өтті. 

- Мысалы олимпиадалық спорт түрінде 200-ге жуық мемлекетпен таласасыз, ал олимпиадалық емес спорт түрінде 10-15 мемлекетпен таласасыз. Қай жерде нәтиже көрсету оңай?  Сонымен қатар олимпиадалық емес спорт түрінен жылына екі рет әлем чемпионаты өтуі мүмкін. Сәйкесінше, жақсы көрсеткіш көрсетеді. Нәтижесінде олимпиадалық емес спорт түрінің жаттықтырушысы 10 есе немесе 15 есе артық жалақы алады. Сондықтан көп жаттықтырушылар олимпиадалық емес спорт түрлеріне акцент қойған. Бұл жағдай жылдар өте көбейе берген, - деді Ербол Мырзабосынов.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл