Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қайырлы таң, қазақ елі! Жаңа апта жағымды жаңалықтарға толы болсын! Dauletten.kz сайты оқырман назарына өткен аптада болған басты оқиғалар топтамасын ұсынады.
6 қазан күні еліміз үшін тарихи күн болды. Аптаның жексенбісінде АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өткізілді. Маңызды күнде 7,5 млн-нан астам қазақстандық таңдау жасады және алдын ала қорытынды exit-poll нәтижелері шығарылды. "Астана - кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" мен Қоғамдық саясат институтының exit-poll мәліметтері бойынша көпшілік Қазақстанда АЭС салуды қолдаған.
Мемлкет басшысы саяси маңызды күнде дауыс беріп, БАҚ қызметкерлері үшін шағын брифинг өткізді.
Сонымен қатар осы күнде экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев та дауыс беріп, "Бақытты болыңыздар!" деп тілегін білдірді.
Сондай-ақ VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Дәулет Мұқаев атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Тарихи күнде елордада 39 сәби дүние есігін ашты.
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "AMANAT" партиясының бастамасымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өтті. Қатысушылардың жалпы саны – 2500 адам.
Жылдамдықты белгіленген мөлшерде асырған жүргізушілер екі есе айыппұл төлейді. Жолда абай болыңыздар!
2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер 2 жылдық әскери қызметке шақырылады.
"Dauletten" қайырымдылық қоры 73-баспананың кілтін мұқтаж отбасыға табыстады. Мейірімді жандардың қолдауымен көпбалалы анаға Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкқайнар ауылынан 8 млн теңгенің баспанасы бұйырды.
Бұл жаңалық алматылықтарға арналады! Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалада кәсіпкерлікті дамытуға қатысты байқау жариялады. Мегалополис тұрғындарына өз кәсібін дамытуға 5 млн теңгелік 100 грант беріледі. Байқауға өтінім мен құжаттарды 14-18 қазан аралығында өткізуге болады.
Мектептегі орамал мәселесі жөнінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев пікір білдірді.