Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан Халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар

Қазақстан Халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

10.10.2025
1 мин
0
75
Сурет: ortcom.kz

Ақтау қаласында өткен I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 "Үздік медальон" иеленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің мәліметінше, ел құрамасының жетістігі Мемлекет басшысының "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында қолға алынған реформалардың тиімділігін көрсетеді.

4–9 қазан аралығында өткен сайысқа Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенті мен жас маман қатысты.

Бәсекелер инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету сияқты 10 құзыреттілік бағыты бойынша өтті.

Жарыстың жабылу рәсімінде ҚР оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов TurkicSkills чемпионатының маңызын атап өтті:

- Бұл чемпионат – түркітілдес елдердің техникалық және кәсіптік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды бастама. Чемпионат достық пен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды, – деді ол.

Ал WorldSkills International кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш Қазақстанның ұйымдастырушылық деңгейін жоғары бағалады:

- "TurkicSkills чемпионатының ауқымы мен сапасы – Қазақстанның халықаралық кәсіби шеберлік сайыстарын өткізуге толық дайын екенін дәлелдейді, – деп атап өтті ол.

Чемпионатты 5 мыңнан астам көрермен тамашалады. Іс-шара барысында колледждер мен кәсіпорындар арасында 100-ге жуық ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

TurkicSkills-2025 чемпионаты түркі елдері арасындағы кәсіби білім беру саласындағы серіктестікті нығайтып, жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға серпін берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл