Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Қоссайыстың қорытындысы бойынша Нұрғиса 388 келіні (174+214) еңсеріп, әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.
Екінші орынды грузиялық спортшы Реваз Давитадзе еншіледі: ол бұл жарыста 387 келіні (177+210) көтерді. Үздік үштікті ирандық Али Алипур түйіндеді. Ол жалпы есепте 387 келіні (173+214) еңсере білді.
Айта кетейік, бұған дейін 81 келі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль иеленді.