Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рамиль Камалов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар

Рамиль Камалов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

24.02.2025
1 мин
0
485
Сурет: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Рамиль Камалов төтенше жағдайлар вице-министрі болып ресми түрде тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, Рамиль Камалов 1976 жылы Торғай облысында туған. Ол Ішкі істер министрлігінің Павлодар техникалық колледжін және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде №84 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып бастады. 1998 жылы Ақмола облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде №19 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері қызметтерін атқарды.

1998–1999 жылдары Астана қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, 1999–2005 жылдары “Өрт сөндіруші” РМК филиалында аға инженер, бөлім бастығының орынбасары, бастығы және өрт сөндіру тобының бас маманы болды.

2005–2006 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2006–2014 жылдары ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінде бас маман және басқарма бастығы болды.

2014–2016 жылдары ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру басқармасын басқарды. 2016–2017 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, 2017–2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл