Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шомылу маусымы басталғалы, суға бату қаупі де артатыны анық. Мамандардың ескертуін құлақ астырмау, шектеу қойған жерлерге шомылып, өмірлеріне балта шауып жатқандар қаншама. Осыған дейін суға батып көз жұмған деректерді жариялаған болатынбыз. Суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз қандай әрекеттер жасау керек? Толығырақ Dauletten.kz сайтында.
Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, алдымен өзіңізге ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізу керек. Зардап шегушіні судан алып шығыңыз.
Зардап шегушіні ішімен өз тізеңізге жатқызып, тыныс жолдарындағы судың ағып кетуіне мүмкіндік жасаңыз. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіңіз. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазартыңыз (шырыш, құсу массалары және т.б.).
«Жедел жәрдем» шақырыңыз (өзіңіз немесе басқалардың көмегімен).
Ұйқы күре тамырында пульстің болуын, көз қарашығының жарыққа реакциясын, өздігінен тыныс алуын анықтап алыңыз.
Тамыр соғуы және тыныс алуы болған кезде:
Егер тамыр соғысы, тыныс алу және көз қарашығының жарыққа реакциясы болмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясын жасаңыз. Медициналық қызметкерлер келгенге дейін немесе өз бетінше тыныс алу мен жүрек соғысы қалпына келгенше реанимацияны жалғастырыңыз.
Егер зардап шегушіні тексеру кезінде өздігінен тыныс алмаса, дереу өкпені жасанды желдетуді жүргізу қажет.
фото: gov.kz