Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысының Сайрам ауданында жеке кәсіпкер жеті айдың ішінде жеті мектеп салған. Барлық білім беру ғимараты қажетті құралдармен жабдықталған. Бұл туралы Қазақстан Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
"Міне, бұл бастауыш қазақ тілі кабинеті, тақта, интерактивті тақта, проектор бар, толық жағдай жасалған. Әрбір бала бөлек-бөлек отырады", - дейді кәсіпкер Низамхан Сулайманов.
Мектепте асхана, кітапхана, спорт зал, тіпті бассейн де бар. Үйірмелер тегін. Тура сондай жеті мектеп қатар салынған. Бүгінде барлығы есігін айқара ашып, оқушыларды қабылдады.
"Менің жұбайым – мұғалім. 45 жылдық еңбек өтілі бар. Қазір зейнеткерлікте, сол кісінің идеясымен балабақша мен мектеп салып жатырмын. Барлық күшімді, ақшамды, білімімді балаларға арнадым. Жақсы оқыған оқушылар стипендия алады, ай сайын 10-25 мың теңге. Ол үшін мен әрбір мектепке бір миллионнан бөлім отырамын", - дейді Сулайманов.
Осы уақытқа дейін кәсіпкердің ақшасына 10 балабақша мен 10 мектеп салынды. 73 жастағы Низамхан Сулайманов тағы мектеп саламын деп отыр.