Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлытау облысында жекеменшік үйдегі жаназа кезінде газ баллоны жарылды
Жаңалықтар

Ұлытау облысында жекеменшік үйдегі жаназа кезінде газ баллоны жарылды

28.12.2022
1 мин
0
989

Ұлытау облысында жекеменшік үйдегі жаназа кезінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жарылыстан 20 адам зардап шекті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Жаңаарқа ауылында болған. Көпшілік үй иесін жерлеу рәсіміне дайындалып жатқан. Жеке моншада газ баллоны жарылып, жалын шыққан, бірақ өрт тез сөндірілді. 100 шаршы метр шатыр опырылып түскен. Алдын ала болжам бойынша, қауіпсіздік шаралары өрескел бұзылған, газ баллоны суықтан әкелініп, пештің жанына қойылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлік тексерістен кейін зардап шеккен 20 адамның 19-ы үйлеріне жіберілген. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханада бір зардап шегуші ғана қалған, ертең науқасты емдеу үшін Қарағандыға жіберу жоспарлануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
148
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл