Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның батысында күн ашық әрі аптап ыстық болады. Елдің қалған өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірде бұршақ аралас жауын жауады.
Ал еліміздің оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Батыс аймақтарда да дауыл тұрып, солтүстікте және орталықта түнгі уақытта тұман түседі.
Астанада күн бұлтты. Жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн бұлтты. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +27+29°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.