Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысы, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазгидромет мәліметіне сәйкес, термометр күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында 35-39 градусты, Түркістан облысында 40, ал Маңғыстау облысында 38-41 градус ыстықты көрсетеді.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +32+34°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +37+39°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.